6 қазан – Референдум және АЭС: Сарапшылармен кездесу
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері үшін атом энергетикасы және оның Қазақстан үшін маңыздылығы тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті.
Іс-шарада АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері, сарапшылар Р. Құлмағамбетова және Г. Усина сөз сөйледі.
Сарапшылар елге неліктен атом электр станциясы (АЭС) қажет екенін түсіндіріп, ағымдағы энергетикалық жағдай мен саланы дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі баяндады. АЭС-тің экономика мен экология тұрғысынан артықшылықтары ғана емес, елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі де талқыланды.
Сондай-ақ, спикерлер баршаны алдағы референдумға белсене қатысуға шақырып, оның Қазақстанның болашағы үшін маңыздылығын және ақпараттандырылған шешімнің қажеттігін атап өтті.